Біз бәріміз бірге өркендейміз - 2021 жыл Қытай-Қазақстан қатынастарының болашағы
2021-01-06 20:40

Соңғы күндері «Деловой Казахстан» газеті мен «Kazakhstan today», «Strategy2050», «baq.kz» сайттарында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоның «Біз бәріміз бірге өркендейміз -2021 жыл Қытай-Қазақстан қатынастарының болашағы» мақаласы жарияланды. Толық мәтін:

2020 жыл - бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бергі 28 жылдағы ең ерекше жыл. Кенеттен коронавирус эпидемиясы бүкіл әлемде өршіп, Қытай мен Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірді, сонымен қатар екі ел арасындағы адам алмасу мен сауда айналымына кедергі болды. Эпидемия жағдайында екі мемлекет мәңгілік, жан-жақты стратегиялық серіктестікті рухын ұстанып, бір қайықта бірге жұмыс істеді және эпидемиямен күресу үшін күш біріктірді, Қытай-Қазақстан қатынастарының болашағын жауып тұрған қара бұлттарды сейілтіп, Қытай-Қазақстан қатынастарында жаңа даңқ қалыптастырды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси қатынастар нығая түсті. 1 ақпанда пандемия басталғаннан кейін Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге арнайы қоңырау шалып, өзінің мүмкіндіктері аясында гуманитарлық көмек көрсететінін айтты. 24 наурызда төраға Си Цзиньпин президент Қ.Тоқаевқа қоңырау шалып, Қытайдың Қазақстандағы қазіргі жағдайға бей- жай қарамайтындығын ескеріп белсенді қолдау мен көмек көрсететіндігін атап өтті. Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара қолдау екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен ерекшелігін көрсетеді және эпидемияға қарсы күресте халықаралық қоғамдастықтың үлгісі болып табылады. Сәуір айында Қытай үкіметі Қазақстанға эпидемиямен күресу үшін медициналық сарапшылар тобын жіберді, бұл маңызды іс қазақстандықтар тарапынан жоғары бағаланды. Жыл бойы ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечи және Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И үнемі Қазақстанға келіп, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі оффлайн алмасулардың «тоқтап қалмауын» қамтамасыз етті, бұл екіжақты қарым-қатынстардың жоғары деңгейін көрсетеді.

Қытай-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы басым тенденцияларға қарамастан дамып келеді. 2020 жылы екіжақты «Бір белдеу, бір жол» құрылысы эпидемия туындаған барлық қиындықтарды жеңіп, тұрақты өсуді қамтамасыз етті. Қытай кеденінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда 19,96 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% артты. Олардың ішінде Қытай Қазақстаннан 9,15 млрд. АҚШ долларын импорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2% артық. Қытай-Еуропа теміржол экспресі «темір керуен» он мың шақырымдық жолды қамтыды. Екі елдің келісімінің арқасында мыңдаған қытайлық сарапшылар Қазақстандағы «Бір белдеу, бір жол» жобасының аясында кәсіпорындарға оралып, жобаны мерзімінде аяқтауға және Қазақстан халқының игілігі үшін қолайлы жағдайлар жасауды қызмет атқаруда. Осы жылы қытайлық компаниялар Алматы фотоэлектрлік электр станциясын, Жамбылдағы Жаңатас жел электр станциясы жобасын және Қарағанды қаласындағы ферросиликон кеніндегі YDD термоэлектрлік пешін, Тургусун ГЭС-і жұмысын аяқтап, пайдалануға берді. Қазақстандық кәсіпорындар 3-ші импорттық Қытай көрмесіне белсенді қатысты: жоғары сапалы өнімдер, мысалы, отандық сүт өнімдері Қытай нарығына алғаш рет шығып, қытайлық тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу дамып келіп жатыр. Пандемияға байланысты екі ел арасындағы оффлайн байланыс азайды, бірақ онлайн байланыс біртіндеп жақсарды. Желі әлемі екі халықтың байланысының жаңа алаңына айналды. Екі елдің тұрғындары эпидемиямен күресу кезінде бір-біріне деген сенімділікті арттыру үшін бейнежазбалар түсірді. Қазақстандық телеарналар қазақ халқына эпидемиямен күресудегі Қытайдың тәжірибесі мен жетістіктерімен таныстыру үшін «Ухань эпидемияға қарсы репортаж» және «Ухань 24 сағат» сияқты деректі фильмдерді аударып, таратты. «Go La La Go», «I do», «Young Style» сияқты қытайлық фильмдер, және «Бәрі жақсы» «Жақсы өмір» сынды қытайлық сериалдар алғаш рет қазақ тіліне аударылып, қазақ теледидарында көрсетілді. Көрермендер қуанды, фильмдер 12% жоғары баға алды. Қытай Халық Республикасының Елшілігі қытай тіліндегі жазғы курс, «Бір белдеу – бір жол» бейнебаяны, «Жібек жолы бұлттары» қытай әндері байқауы, «Қытай білімі» сайысы және т.б. сияқты онлайн-мәдени іс-шараларды жүйелі түрде өткізді. Осы іс-шаралардың барлығын екі елдің интернет қолданушылары жылы қабылдады. Интернеттегі мәдени алмасудың шексіз мүмкіндігін көрсете отырып, Ресей, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары да қатысты.

2021 жыл Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толады, ал Қазақстан да тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы тарихи жылы Қытай мен Қазақстан сөзсіз эпидемияның салдарын жеңіп, жаңа, одан да маңызды нәтижелерге қол жеткізеді.

Қытай мен Қазақстан саяси қатынастарда жаңа дамуға қол жеткізеді. Екі ел де мәңгілік, жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастырады, «эпидемиядан кейінгі дәуірде» жоғары деңгейдегі алмасуды алдын-ала жоспарлайды, көпжақтылықты бірлесіп қолдайды, гегемонизм мен протекционизмге қарсы тұрады, қырғи қабақ соғыстың қайта өркендеуіне және идеологиялық дифференциацияға қарсы тұрады, аймақтағы бейбітшілік пен тыныштықты қорғайды және алға жылжытады. адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын құрады.

Қытай мен Қазақстан эпидемиямен күресте үлкен жеңіске жетеді. Қазіргі уақытта Қытайда вакцинаны зерттеу және дамыту әлемде алдыңғы қатарда, 5 техникалық маршрут бар, және 15 коронавирустық вакцина қазірдің өзінде клиникалық сынақтарда сыналып жатыр, оның 5-і III клиникалық сынақтарда. Қытайлық вакциналардың жоғары қауіпсіздігі, тасымалдау мен сақтаудың қарапайымдылығы сияқты ерекше артықшылықтары бар. Қазақстан әзірлеген коронавирустық вакцинаның ІІІ фазалық клиникалық сынақтары басталғанын есту бізді қуантады. Мен екі ел үшін 2021 жыл эпидемияны жеңіп, әлеуметтік-экономикалық тәртіпті қалпына келтіру жылы болады деп сенемін.

Әр түрлі саладағы қытай-қазақстандық ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріледі. Осы жылы Қытай экономикасы рецессиядан шығып, әлемдегі оң өсуге қол жеткізген жалғыз ірі экономика болды. Қытайдағы күшті экономикалық қалпына келтіру жаһандық экономиканың тұрақтылығына ықпал етті және Қазақстан халқына да тиімді болмақ. Екі ел де инвестициялар, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты күшейтіп, сапалы «Бір белдеу, бір жол» 2021 жылғы қатынастар салуы керек.

реконмендовать другому
  печать